Жыл басынан бері Алматыдағы мониторингтік топтар 4 мыңға жуық нысанды тексерген. Нәтижесінде карантин талабын сақтамаған 29 бизнес өкіліне қатысты іс сотқа жолданды. Олардың дені дәмхана, мейрамхана және караоке-бар иелері. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 9,5 млн теңгеге жуық айыппұлды қарастыратын 214 хаттама толтырылған.
Сондай-ақ, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазақстандық әншілер мен блогерлер қатысқан думанды шараның видеосын тексеріп жатыр. Кадрларда отандық шоу-бизнестің өкілдерінен Мақпал Жүнісова мен Сәкен Майғазиевты көруге болады. Тойға палуан әрі мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та барған. Қазір салтанатты шараның қай жерде, қай уақытта өткені анықталып жатыр.