Ақтөбе облысы аумағында Самара-Шымкент трассасының бойында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Оқиға бүгін таңертең сағат 10:30-дар шамасында Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылы маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртенген автобустан тек бес адам ғана аман шыққан. Қазір апат болған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы туралы алдағы хабарларымызда тарқатып айтамыз.