«Tengri Bank» қайтарымсыз несие берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tengri Bank» қайтарымсыз несие берген

08.02.2021

«Tengri Bank»-тің не үшін лицензиясынан айырылғаны белгілі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұған акционерлердің өздері кінәлі дейді. Айтуынша олар банк ақшасын өздеріне және жақындарына қайтарымсыз несие ретінде рәсімдеп, талан-таражға салған. Мәселен қаржы ұйымы рәсімдеген несиелердің 60 пайызға жуығы осы акционерлерге және олардың қатысы бар адамдарға тиесілі екен. Бірақ олар қарызды пайызбен қайтарудың орнына бір тиын да төлемеген дейді агенттіктегілер. Сол үшін банктің қаржылық жағдайы қиындап, банкрот болған. Кейін лицензиясынан айырылып отыр. Қазір Tengri Bank-тің басшылық құрамындағы бірнеше адам ұсталып, біразына халықаралық іздеу жарияланған. Оларға 5 миллиард 400 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу