Орыс мектептерінде қазақ тілі тұрақты түрде оқытылса да, түлектер арасында мемлекеттік тілді еркін меңгергендер саны аз. Бұл – білім беру бағдарламасының кемшілігі. «Оқулықтардың сапасы нашар, жаттығулары өте күрделі»,-дейді Мәжіліс депутаты. Тілді жетік үйрену үшін оқушының ауызекі сөйлеуіне басымдық беру керек. Тапсырмалардың тақырыпқа сай таңдалуы да маңызды. Бастысы әр мектепте тілдік орта құрылғаны жұрыс. «Осылайша қазақ тілін орыс тілді мектептерде оқыту сапасына мемлекеттік деңгейде мән берілуі міндет»,-дейді Наталья Дементьева.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жаңа оқулықтар жылда шығады, қаражат бөлінеді, әдістемелер, жаңа контенттер толып жатыр. Бірақ балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар. Әрине, мектептерде әртүрлі іс-шаралар өткізілмейді емес, өткізіледі, бірақ олар баланың санасына қаншалықты сіңісуде деген сұраққа қатты қиналамыз.
Нысаналы Ығыл