АҚШ Сенаты: Трампты сотқа тарту конституцияға қайшы емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сенаты: Трампты сотқа тарту конституцияға қайшы емес

10.02.2021

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты импичменттік тергеу конституцияға қайшы емес. Сондықтан, оған қатысты сот басталуы керек. Мұндай шешімді Сенат қабылдады. Оны тергеуді жоғарғы палатада 56 адам қолдаған. Солардың қатарында 6 республикалық бар. Ал, қарсы дауыс бергендер – 44 сенатор.

Трамп өткен айда өз жақтастарын Конгресті штурммен алуға итермеледі деп айыпталып отыр. Дегенмен, адвокаттары экс-президент Ақ үйден кеткендіктен, оны сотқа тарту дұрыс деген пікірде.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу