Оқиға Абай ауданына қарасты Дубовка елді мекенінде болған. Құтқарушылар үйде ес-түзсіз жатқан тағы бір адамды облыстық медициналық ауруханаға жеткізді. Ол әлі өзіне келген жоқ. Қазір марқұмдардың үшеуінің кімдер екені анықталды. Олар 33 пен 56 жас аралығындағы әйел адамдар. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандар мас болған. Қалған үш адамды және оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін Абай аудандық Ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Біржан Кәрімов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
- Біздің болжамымыз бойынша пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан соңы қайғылы оқиғамен аяқталған. Қайтыс болғандардың үшеуінің тұлғасы анықталды. Ал, екі ер адамның кім екені әзірге белгісіз. Көршілерінен сұрастырып көрдік. Айтуларынша, үй иелерінің тұрмысы төмен болған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ