Елордада тұрғын үй сертификатының құны 1,5 млн теңгеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тұрғын үй сертификатының құны 1,5 млн теңгеге өсті

10.02.2021

Елордада тұрғын үй сертификатының құны 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге өсті.

Сонымен бірге «Шаңырақ» бағдарламасымен сертификат бұрын тек 3 түрлі санаттағы адамдарға берілсе, енді әлеуметтік аз қамтылғандардың тоғыз санаты да тізімге кіреді. Елордада былтыр 7 мыңнан аса әлеуметтік пәтер берілген. Биыл 10 мыңға көбейеді, дейді әкімдік. Бұдан бөлек, құрылысы ұзаққа созылған 18 тұрғын үй биыл пайдалануға берілмек. Бұл 7 мыңнан аса үлескердің баспана проблемасын шешеді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу