Қазақстанда импорт үлесі азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда импорт үлесі азаймай тұр

10.02.2021

Былтыр 21 млрд доллардан асқан. Әсіресе сырттан келетін жануар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын тағамдар көп. Құны 1,5 млрд долларға жетті. Металл мен оның өнімдерін Қазақстан шамамен 2 млрд долларға импорттайды. Химиялық өнімдердің импорты 3 млрд доллардан асады. Көлік пен оның құралдарын 12,4 млрд АҚШ долларына сатып аламыз. Мәжілісте депутаттар импорттық тауарлар үлесін азайтпай, экономика дамымайтынын айтады.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Жер қойнауын пайдаланушы отандық және шетелдік компаниялардың елде өнім өндірілуіне қызығушылық танытпайды. Және Үкіметтен импорттық тауарды азайтуға арналған бағдарламаның жасақталмағаны.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу