Мұндай шара күзде өтетін халық санағына байланысты қабылданып отыр. Бұл туралы Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды.
«Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, жою және елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу мәселесі қаралды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен Қазақстанның халық санағы онлайн басталады. Ол үшін арнайы sanaq.gov.kz сайты тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар қай жерде орналасқанына қарамастан, өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра отырып, санақтан өз бетінше өте алады.