Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, осы уақытқа дейін вакцина салдырған қазақстандықтардың жағдайы қалыпты әрі денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Бұл ақпаратты екпені бірінші болып қабылдаған медицина қызметкерлері де растап отыр. Айта кетейік, ел бойынша екпе салдыруға лайықталған 800-ге жуық ем-шара бөлмесі бар. Арнайы кабинеттерде 9 мыңдай маман жұмыс істейді.
Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Бүгін менің вакцина алғаныма 10 күннен асыпты. Бірінші, екінші күні укол салған жер кішкене аурып, әлсіздік болған. Қазір бәрі ұмтылды. Еш жерім ауырмайды. Денсаулығым жақсы. Күнделікті жұмысымды істеп жатырмын.
Анар Сакеева, №1 қалалық емханасы мобильді бригадасының фельдшері:Екпе салдырғаныма 24 сағаттан артық болды. Өзімді жақсы сезіндім. Екпе салған орын ғана сәл ауырды. Екпеге қарсылығымыз жоқ. Екпе алуға шақырамыз.
Ақниет Балтанова