АҚШ-тағы Капитолиде болған бүлікке қатысты тың деректер шықты. Дональд Трамптың импичментіне қатысты өтіп жатқан сот отырысының екінші күнінде ғимарат ішінде түсірілген бейнежазбалар жарияланды. Онда демонстранттар сол кездегі вице-президент Майк Пенс пен төменгі палата спикері Нэнси Пэлосиді дарға асамыз деп ұрандатқан. Өкілдер палатасы Трамп оларды әдейі арандатып, қатыгездікке жол берді деп отыр. Айыптаушы тарап шағымдарды бүгінге дейін айтып үлгеруі тиіс. Содан кейін сөз кезегі Трамптың қорғаушыларына беріледі.
Жансая Қапасқызы