Тауық еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауық еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттады

11.02.2021

Құс шаруашылығымен айналысатындарға несие қарызын өтеуді 5 жылға дейін кейінге шегеріп, субсидия бөлу қажет. Депутат Сұлтан Дүйсембинов шаруаларды қолдап, бағаны тұрақтандыруға қатысты осындай ұсыныс айтты. Желтоқсанда бір келі тауық етінің құны 950 теңгеге дейін қымбаттаған. Ал биыл қаңтар-ақпанда жұмыртқаның 10 данасы 600 теңгеге жетті. Депутат өнімнің негізгі құнының 70 процентін жем-шөп шығындары құрайтынын айтады. Ал оның бағасы соңғы жылдары 3 есеге дейін қымбаттаған.

Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Тіпті кейбір отандық құс фабрикалары жабылудың алдында тұр. Есесіне елімізге негізгі құс еті Ресей мен Беларусь елінен келуде.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу