Түркістан облысында мұқтаж жандарға берілген баспана сапасыз болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мұқтаж жандарға берілген баспана сапасыз болып шықты

11.02.2021

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында мұқтаж жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға берген әлеуметтік тұрғын үйлер сапасыз болып шықты. Шатырлары суға толып, бөлмелердің қабырғаларын сыз тартқан. Жылу жоқ.

Тұрғын үйлерге кәріз жүйесі де тартылмаған. Салдарынан шайынды сулар сыртқа ағады. Шаян елдімекенінде газ болғанымен бұл үйлерге әлі күнге құбыр тартылмаған. Қыста күнелту қиын болғандықтан тұрғындардың біразы баспаналарын жауып кеткен.

Дариға Дүйсенбаева, Шаян ауылының тұрғыны:
Жауын жауса төбемізден су ағады. Септикті дәретханаға қосып қойған. Ол толып кетеді.

Салынғаны екі жыл өтсе де жергілікті атқамінерлер сапасыз үйдің проблемасын енді ғана шешуге кірісті. Мердігер мекеме үйді қайта жөндеуі тиіс.

Бағдат Жанғазиев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:
- Ол жерде атқарылған құрылыстың барлығы сметаға сәйкес жасалынған. Біз қазір сол жердегі кемшіліктердің барлығына акті жасап, мердігер мекемеге хат жолдайтын боламыз. Ол кемшіліктерді мердігер мекеме арқылы жасатып береміз.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу