Қарағандыдағы әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

12.02.2021

Қарағанды облысында 6505 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз қайтыс болды. Түркістан облысынан шақырылған Рамазан Жақып менингиттің жедел түрінен ауруханада жан тапсырған. Жауынгер 2-ші ақпанда өзін әлсіз сезініп, басының айналатынын айтып шағымданған. Абай қаласының Орталық қалалық ауруханасына жатқызылған оның жағдайы күрт нашарлап, реанимация бөліміне ауыстырылған. Өкінішке орай, сағат 11:00-де қайтыс болған.  

Сот-медициналық сараптамасы жасалып, әскери қызметшінің өліміне жедел менингит себеп болғаны анықталған. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, сарбаз қызмет еткен бөлімшеде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіліп, карантин енгізілген. Марқұммен байланыста болғандар Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығында тексеруден өтті. 

Арман Сейітов, әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Әскери бөлім карантинге жабылуына байланысты біздің медицина қызметкерлері барлық әскерилерді тексерді. Олардың арасынан қызуы көтерілген, суық тигізген, тұмау белгілері барлары есепке алынды. Қазіргі уақытта 7 сарбаз ауруханада бақылауда. Барлығының да жағдайы қалыпты.  

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу