Қазақстандықтар 14 елге кедергісіз ұшып бара алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 14 елге кедергісіз ұшып бара алады

12.02.2021

Қазақстандықтарға шет елдерге шектеусіз ұшуға рұқсат етілді. Яғни, шекарадан өтуге қатысты карантиндік шаралар біршама жеңілдеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері мәлімдеді. Отандастарымыз 14 елге еш кедергісіз ұша алады. 

Олар: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Грузия, Германия, Нидерланд, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Оңтүстік Корея, Мальдив және Шри-Ланка. Жолаушылар осы елдер арқылы басқа мемлекеттерге ұша алады. Шекарадан отандастарымызға 30 күнде 1-ақ рет өтуге рұқсат. Дипломаттар, мемлекеттік делегация және халықаралық ұйым өкілдері, тұрақты жұмысы бар адамдар мен студенттер тиісті құжат арқылы елге кіре алады. Жүк тасымалдаушылар, науқас адамды күтушілер мен жерлеу рәсіміне шақырылғандарға да Қазақстанға кіруге рұқсат. Елімізде тұруға рұқсат құжаты бар шет ел азаматтары 30 күнде 1 рет елге кіре алады. Бұл мерзім осыған дейін 90 күн болатын. 4 ақпаннан 30 күн болып белгіленді. Бірақ бұл шектеулердің әуе рейстерімен келетін шет ел азаматтарына қатысы жоқ.

Дарын Сағитов 


Хабарламаларға жазылу