Қазақстанда коронавирус салдарынан 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабық тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус салдарынан 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабық тұр

12.02.2021

Індет бизнесті тежеді. Елде 13 мыңнан аса кәсіпкерлік нысан әлі күнге жабық тұр. Өйткені, көпшілік жиналатын орындар – вирустың өршуіне басты себеп. Салдарынан іскер орта шығынға батып, бірталай адам жұмыстан қағылды. Жағдайды жеңілдету үшін «Ashyq» сынақ жобасы жүзеге асырылды. Яғни, адам COVID-19-дың қай формасымен ауырса да оқшаулануы тиіс. Бірақ оны елемейтіндер көп. «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы сондай тұрғындарды анықтауға мүмкіндік бар. Бүгінде бұл ақпараттық жүйені фитнес-клубтар мен SPA-орталықтар, өзге де нысандар қолданып отыр. QR-код тек бизнес субъектісіне беріледі. Ғимаратқа кіреберісте тіркеу жүргізіліп, онда келушінің инфекцияға қатысты мәліметі шығады.   

Нысаналы Ығыл 

                                                          

Хабарламаларға жазылу