Қашаған кен орнында салынатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта басталады. Энергетика министрлігінің хабарлауынша жұмыстар 2023 жылы аяқталуы тиіс. Ауқымды жоба 860 миллион долларға бағаланып отыр. Құрылыс кезінде екі жарым мың, ал зауыт пайдалануға берілген соң 550 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Болжам бойынша өндіріс орнының қуат көлемі жылына 1 миллиард текше метр.
Досжан Маратұлы