Жамбыл облысында 850 медицина қызметкері вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 850 медицина қызметкері вакцина салдырды

15.02.2021

Жамбыл облысында 850 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды. Мамандардың мәліметінше, екінші кезеңде ресейлік «Спутник V» вакцинасы 5 мың тұрғынға егіледі деп жоспарланған. Ал наурыз-маусым айларында 95 мың адам вакцина алады. Қалған бес жүз мың тұрғынға отандық вакцина ұсынылмақ.

Гүлфайра Мырзабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы:
Ұжымдық иммунитетті жасау үшін кемінде 50-60 пайыз халық егілуі керек, сондықтан Жамбыл облысы бойынша нақты биылғы жылдың аяғына дейін 593700-ге жуық адамды егу жоспарланған, бұл облыс халқының 52 пайызы. 

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу