Екпе салу кезінде ережелер толық сақталады - дәрігерлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе салу кезінде ережелер толық сақталады - дәрігерлер

15.02.2021

Алматыда 1 ақпаннан бері 1 540 медицина қызметкеріне екпе салынды. Вакцинациялау үшін тағы да қосымша 1750 доза жеткізу жоспарланған. Қазір емханалардағы мамандарға екпе жоспар бойынша салынып жатыр. Егу алдында барлық қызметкер дәрігерлердің тексерісінен өтеді. Дене қызуы көтеріліп немесе басқа да аурулар анықталса, екпе салу кейінге шегеріледі. Яғни олар вакцинаны денсаулығы жақсарған соң салдырады. Екпе 2 кезең арқылы жүргізіледі. 

Азамат Заиров, қалалық №1 емхананың бас дәрігері:
Екпе - жалпы коронавирусты жеңу жолы. Сол себепті, өзіміздің азаматтарға екпені алсын деп кеңес береміз. 

Хабарламаларға жазылу