Павлодарда карантин талаптарын ескермеген түнгі клуб иелері жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда карантин талаптарын ескермеген түнгі клуб иелері жазаланды

15.02.2021

Түркістан облысында көкпар ойынын тоқтатпақ болған полицейлерге тұрғындар оқ атқан. Келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданындағы ауылдардың бірінде болды. Жедел операция нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы жасағы бұзақыларды аудан орталығынан ұстады. «ВАЗ» маркалы автокөлікке мінген төрт адамды қамауға алды.

Сұлтан Үсіпбеков, Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Ұстау барысында аталған азаматтардан заңсыз шолақ мылтық тәркіленіп алынды. Және екі травматикалық тапанша және бір ұңғыма тіркелмеген заңсыз қару тәркіленіп алынды.

Ал Павлодарда демалыс күндері үш бірдей дәмхана шектеу шараларын елемей, қонақтарды қабылдаған. «Моджо» түнгі клубындағы 50-ден аса адам мониторингтік топқа бой бермей сауықты жалғастыра бермек болды. Тек полиция келген соң ғана, олар тәртіпке көнді. Клуб бұған дейін бірнеше рет карантин тәртібін бұзған. Жыл басталғалы Павлодардағы 62 нысанның иелері тәртіп бұзғаны үшін 8 млн теңгеден астам айыппұл төледі.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу