Сондықтан осы аймақтағы селден қорғау мекемесінің мамандары тас жолдардың бойындағы биік таулардан қарды жарылыс арқылы төмен түсіруде. Мұндай шаралар тау-шаңғы кешендерінің маңында да жүргізілмек. Мамандардың айтуынша, облыс бойынша көшкін жүретін 500-ге жуық қауіпті аймақ бар. Бірнеше ауыл тіпті таудың етегінде орналасқан. Сондықтан қар қалың түсетін аумақтарға арнайы ескерту белгілері қойылған.
Берік Көшербай