Алматы қалалық маслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Олар алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан талдамасын тапсырды. Екпеден соң 30 минут көлемінде арнайы бөлмеде бақылауда болды. Депутаттар халық арасында көп жүретіндіктен осындай қадамға барған. Сонымен қатар бұл бастаманы өзге әріптестерінің де қолдағанын айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сай, жаппай вакцинациялаудың арқасында індет тоқтап, тұрғындардың денсаулығына төнетін қауіп сейледі. «Сондықтан бұған бейжай қарамауымыз керек», - дейді мәслихат депутаттары.
Станислав Конкуров, Алматы қаласы маслихатының хатшысы:
Вакцина алғаныма бүгін өте қуаныштымын. Тұрғындарымызға, азаматтарымызға бәріне көрсетіп жатырмыз. Біз алдық. Ешқандай қауіп жағдай жоқ. Бәрі дұрыс.
Нұрхан Нұрланұлы