Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары азайып келеді

16.02.2021

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары бес аптадан бері азайып келеді. Мәселен, жыл басында жетісіне 5 миллиондай адам «ковид» жұқтырса, қазір олардың қатары 2 миллионға дейін төмендеген. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ал Италияда қарашайы айынан бері осы індеттен емделіп жатқандар саны алғаш рет 400 мыңнан кеміді. 

Үндістандағы ахуал медицина сарапшыларын таң қалдырып отыр. Мұнда осыған дейін Covid-19 инфекциясы тәулігіне 100 мыңдай адамнан табылатын. Қазір күніне 11 мыңдай пациент қана тіркеледі. Бақылаушылардың ойынша, пандемияның әлсіреуіне шектеу шаралары мен вакциналау науқаны игі әсер етсе керек. 

Дегенмен, «Гардиан» газетінің дерегінше, коронавирустың жаңа варианты 10 шақты елден анықталды. Олардың қатарында Британия, Дания, Австралия бар. Сондықтан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантиндік шаралардан бас тартудың әлі ерте екенін ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу