Семейде моншада той тойлаған полицейлер жұмыстан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде моншада той тойлаған полицейлер жұмыстан шығарылды

16.02.2021

Жаңа қызметін әріптестерімен моншада тойлаған бастық жұмысынан шығарылды. Семей полицейлерінің саунада отырған суреті әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Облыстық полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығын орнынан алып тастады. Ал учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін полиция басқармасында бірқатар лауазымды тұлға қызметінен кетті.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу