Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті. Арнайы жедел-іздестіру шаралары өткізіліп жатыр.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 ақпанда ЛА-155/18 мекемесінен 1987 жылғы сотталушы (аты-жөні Д.Т.Давутов) қашып кеткен. Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚАЖ комитеті басшылығының бастамасымен қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады», делінген хабарламада.