«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің миллиардтаған қаржысы тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің миллиардтаған қаржысы тәркіленді

17.02.2021

Алматыда «OLIMP KZ» букмекерлік ұйымынан 3,6 млрд теңгемен қатар, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік тәркіленді. Қылмыстық топтың бұл мүліктерді заңсыз жолмен иеленгені сотта белгілі болды.

Бұған дейін Алмалы аудандық соты халықаралық іздеу жарияланған «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты іс қозғаған. Оларға салық төлеуден жалтару, заңсыз ойын бизнесімен айналысу, заңсыз ақша табу фактілері бойынша айып тағылды. Тергеу нәтижесінде компанияның лицензияланбаған ойындарды интернет арқылы пайдаланғаны, түскен қаражатты Қазақстан аумағынан шетелге заңсыз шығарумен айналысқаны анықталған.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу