Ақмола облысында қан донорлары күрт азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында қан донорлары күрт азайған

17.02.2021

Ақмола облысында донорлар күрт азайды. Жыл сайын өңірде 10 мыңнан астам адам қан тапсыратын. Былтыр бұл көрсеткіш 11 процентке кеміген. Биоматериал 42 күнге ғана жарамды. Сондықтан қорды жаңатырып отыру керек. Облыс бойынша қанның қажетті мөлшерін қамтамасыз ету үшін тәулігіне 30-ға жуық донор қажет. Ал қазір күніне 17-20 адам ғана қан тапсырады. Донорлар азая берсе, жағдай қиындайды дейді дәрігерлер.

Оксана Галимская, Облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі:
Донорлардың азайып кетуін пандемиямен байланыстырамыз. Адамдардың көбі үйлерінде отыр, артық ешқайда шықпау керек. Біз де көпшілік, ұжымдық қан тапсыру акцияларын ұйымдастыра алмадық. Дегенмен қан орталығы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Карантин талаптары сақталған. Сондықтан донорларды күтеміз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу