Total концерні Қашаған кен орнындағы ірі жобаларға қаржы құюға мүдделі. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Total концерні барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Арно Брейяк мәлімдеді. Француз компаниясы Қазақстандағы мұнай-газ саласы, жаңартылатын энергия көздері бағытындағы жобаларға инвестор болуға дайын.
Ал Президент еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бойынша бейтараптыққа қол жеткізуге ниетті екені айтты. Кездесуде әңгіме өзегі де осы тақырып болды.