Жетісайда үш баланы қағып кеткен көлік иесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісайда үш баланы қағып кеткен көлік иесі ұсталды

17.02.2021

Түркістан облысы, Жетісай қаласында үш баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Жергілікті полицейлер күдіктіні түнгі төрттер шамасында жасырынып жатқан жерінен қолға түсірді. Жасы қырықтар шамасындағы азамат Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір көлік айыптұраққа қойылып, сот медициналық сараптамалар тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 14-ші ақпан күні кешқұрым үш баланы көлік қағып кетіп, үш жарым жастағы бүлдіршін ауруханада көз жұмды. Ал, екі бала жеңіл жарақат алған болатын.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу