Елордада ішімдікке тойып алған азамат біреудің экскаваторын мініп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ішімдікке тойып алған азамат біреудің экскаваторын мініп кеткен

17.02.2021

Елордада ішімдікке тойып алған азамат біреудің экскаваторын «Нұрлы жол» вокзалы маңындағы жолдың қақ ортасында айналдырып қойған. 30 жастағы ер адамның Қарағандыда экскаватор жүргізушісі болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Ол Елордадағы досының үйіне қонаққа келіп, алькогольдік ішімдік ішкен. Болған оқиға есінде жоқ. Ал көлік иесі оның жоғалғаны жайында полицейлерден естіпті. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу