Атырау облысында бүгін өрттен 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бүгін өрттен 6 адам қайтыс болды

02.03.2018

Таңертең облыс орталығынан 40 шақырым жердегі «Қарабатан» зауыты газтурбиналық электр станциясының құрылыс алаңындағы жұмысшылар жатақханасында өрт басталған. Тілсіз жау жедел ауыздықталғанымен, лезде 500 шаршы метр аумақты жалын шарпып үлгерген.  Өкінішке қарай, ғимараттан шыға алмай қалған 6 жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса тағы 4 азамат ауруханада жатыр, оның екеуі жансақтау бөлімшесінде. Мамандардың айтуынша, өрт кезінде жатақханада 20 жұмысшы болған. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Замир Бердашев, Атырау облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Комиссия құрамына барлық құзырлы орган өкілдерінің сарапшылары енгізілді. Олар өрттің шығу себебін анықтау үстінде. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдықтарын қолдану ержелерін сақтамау салдарынан шыққан. Қазір қолдағы бар материалдар жинақталып, ол бойынша арнайы сараптама жасалып жатыр.

Хабарламаларға жазылу