Мемлекетке 650 млн теңге залал келтірген ақтөбелік әйел 3,5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке 650 млн теңге залал келтірген ақтөбелік әйел 3,5 жылға сотталды

18.02.2021
Мемлекетке 650 млн теңге залал келтірген ақтөбелік әйел 3,5 жылға сотталды

ҚР ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2017 жылмен 2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысы аумағына тауарларды жеткізумен қызметтерді іс жүзінде жүргізбей жалған шот-фактураларды заңсыз жазумен айналысқан азаматшаның іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

«Ақтөбе қаласының тұрғыны 2017 жылы 9 фирма құрып, өз атына ЖШС ретінде тіркегені, ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою арқылы заңды тұлғаны тіркеу рәсімінен өткені және екінші деңгейлі банктерде банктік шоттар ашқаны, өз ЖШС арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыратын контрагенттерді іздегені анықталды.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметтерінен мемлекетке келтірілген залалдың көлемі 650 млн астам теңгені құрады», - делінген хабарламада. 

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен, азаматша ҚР ҚК 216-бабы 3-б. қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 10 жыл ішінде коммерциялық ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу