Үкімет басшысы Түркістан облысындағы ірі жобалардың құрылысын көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Түркістан облысындағы ірі жобалардың құрылысын көрді

18.02.2021

Алдағы 5 жылда Шымкентте 11 500 жаңа жұмыс орны ашылып, 123 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылады. 

Үкімет басшысының Шымкент және Түркістан қалаларын дамыту жобаларымен танысу барысында осы мәліметтер айтылды. Ал биыл шаһарда 61 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 мыңдай адам жұмыспен қамтылады. Асқар Мамин Түркістанда әуежай аумағын абаттандыру, тұрғын үй инфрақұрылымы барысымен танысты. Әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысын аралап, өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. Үкімет басшысы сорғы қондырғыларын, құбыр арматурасы мен электр жабдығын шығаратын серіктестікке де барды. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу