Енді сотқа дейінгі тергеу органдарының шешімі, яғни, біреуді күдікті деп тану да прокурордың келісімімен ғана жүзеге асады. Ал бұл істі ұзаққа созуы мүмкін.
Сондықтан прокуратура қылмыстық процестің барлық сатысын цифрлы форматқа ауыстырып жатыр. Мәселен, қазір «Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай реестрі» іске қосылған. Ортақ базаға 60-тан астам мемлекеттік органның мәліметтері жинақталған. Сол арқылы прокурор құжаттар мен айғақтық заттарды онлайн көріп, істі қашықтан бақылай алады. Сондай-ақ, «Qamqor» мобильді қосымшасы жасалған. Бұл кәсіпкерлерге тиімді. Яғни, кәсіпкер бизнесін тексерген органның шешіміне келіспесе онлайн түрде прокуратураға шағымдана алады. Аталған жобалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға сеп болады дейді мамандар.
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Бұл өзінің оң ықпалын беріп жатыр. Тек қана бір айдың ішінде 612 адам қылмыс барысына тартылмады осындай прокурордың тосқауылы ретінде. Мұның өзі тергеуге де оң ықпалын беріп жатыр. Олар енді өте мұқият қарап, тек қана заңды шешім қабылдауға мәжбүрлейді.
Амангелді Сейітхан