Шахан кентінде карантин жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахан кентінде карантин жеңілдетілді

19.02.2021

Қарағанды облысының Шахан кентінде эпидахуалдың жақсаруына байланысты етеңнен бастап шектеулер алынады. Енді кентте әлеуметтік, қоғамдық, мәдени орындардың, мектептердің жұмысы қайта жанданды. Демалыс күндері моншалар мен базар ашық. Сондай-ақ, сенбі, жексенбіде қалааралық автобустар жүреді. Ақпан айының басында Шахандағы қарттар үйінде конавирус инфекциясының ошағы анықталып, 96 адам індетке шалдыққан еді. Қазір орталықтағы жағдай тұрақты. 

Ал, Ақтөбе облысының Хромтау қаласында керсінше шектеу күшейді. Аудан сары аймаққа өтті. Енді, діни орталықтардың жұмысына тыйым салынды. Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтарда бала саны он бестен аспауы керек. Ұжымдық тамақтану орындарына елу адамға дейін ғана қабылдауға рұқсат. Аудан бойынша барлығы 149адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ, Шымкентте карантин наурыздың 8-не дейін ұзартылды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу