Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесінен айырылған отбасыға көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесінен айырылған отбасыға көмек көрсетіледі

19.02.2021

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесінен айрылған көпбалалы отбасыға жергілікті әкімдік көмек көрсететін болды. Қайғылы жағдайға бейжай қарамаған қарапайым халық та қол ұшын созуда. Кеше түнде отқа оранған баспанада анасы төрт баласын әзер құтқарып үлгерген. Өкінішке орай, кенжесі бесіктегі сәбиі қызыл жалыннан ажал құшқан болатын. Бүгін қоғам белсенділері мен қарапайым тұрғындар жан-жақтан жылу жинап, қолынан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Қайғыдан қан жұтып, үйсіз-күйсіз қалған жанұяға әкімдік тарапынан уақытша баспана берілетін болды.

Елмұрат Рахматуллаев, қала әкімінің орынбасары:
Жақындарымен, әкесімен сөйлесіп, біз барынша сол үйді қалпына келтіруге, сол үйді қалпына келгенше тұратын үймен қамтамасыз етуге және де барлық жағдай жасауға дайынбыз. Оған қаражат та дайындап қойдық. 





Хабарламаларға жазылу