Мақсат Жақау: Желілік маркетингтің табиғаты – адамды көндіру, сендіру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақсат Жақау: Желілік маркетингтің табиғаты – адамды көндіру, сендіру

21.02.2021

Желілік маркетинг әлемде бар үрдіс, бірақ әлемнің қай жерінде де ұңғыл-шұңғылы көп сауда болып тұр. Желілік маркетингпен айналысатын компаниялардың беретін уәделер орындала ма, әлде кілтипаны көп пе?

Мәселені зерттеп көргенімізде, Айымгүл есімді жобалаушы болып істеген келіншек, жұмысын тастап, осы желілік маркетингпен айналысып кеткенін, ырза екенін айтты. Екінші Айнұр есімді кейіпкер керісінше, тұзаққа түскенін баяндайды. Ал Мақсат Жақау есімді, Абай атындағы ҚАЗҰПУ аға оқытушысы желілік маркетингті «кабала» деп сипаттады.

Ежелгі Русьте қарыз берушіге өзін құл қылатын келісімді кабала деген.

Сонымен желілік маркетинг деген не? Мыңдаған дистрибьюторы жарнамасын асырған компаниялардың өнімдері неге дүкендер мен дәріханаларда сатылмайды? Ақерке Бектас зерттеп көрді.


Хабарламаларға жазылу