БҚО-да бөгетті су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да бөгетті су шайып кетті

09.04.2018

Батыс Қазақстан облысының Зелёнов ауданында еріген қар суы бөгетті бұзып кетті. Сыйымдылығы 5 млн. текше метр болатын дамба былтыр ғана салынып, құрылысына 71 млн. теңге жұмсалған. Алайда, бір жыл болмай бөгет көктемгі селге шыдас бермеді. Жиналған су жазғы маусымда егістікті суару үшін қолданылуы тиіс болатын. Облыс әкімі құрылысқа жауапты мердігер «Орал строй Инвест» компаниясын жауапқа тартуды тапсырды. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, елді мекендерге ағын судан келер қауіп жоқ.  

Марс Отаров, облыстық ТЖД бөлім бастығы:

- 8 сәуір күні құрылыстың бұзылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Ақау 7 метрді құрайды. Деркөл өзеніндегі мұз әлі толық еріген жоқ. Бұған дейін жиналған су бөгетке тірелген. Қазір дамба апатты режимде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу