4 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағын пайдаланып баспаналы болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағын пайдаланып баспаналы болған

22.02.2021

Зейнетақы қорындағы ақшасын 28 мыңдай адам тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланып үлгерді. 11 мыңнан астамы екінші деңгейлі банктердегі ипотекасының бір бөлігін жапқан. Ал 4 мыңдайы үйді толықтай сатып алған. Қалғаны қордағы ақшасын алғашқы жарна ретінде пайдаланып несие рәсімдеген және туыстарына алып берген. Айта кетейік, жинақтың бір бөлігін алу үшін enpf-otbasy.kz сайтында өтініштер қабылданып жатқалы бір ай болды. Әзірге екі жүз мыңнан астам өтініш жіберілген. Ал үш күннен кейін ақшаны емделу үшін де сұрап, өтініш жіберуге болады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу