Орал-Атырау тас жолында жол апаты болып, 6 адам ажал құшты. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша екі жеңіл көлік соқтығысқан. 6 жолаушы апат орнында көз жұмса тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл оқиға бойынша полиция жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған.
Оңғар Алпысбайұлы