Елордада симптомдық белгілері бар науқастар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада симптомдық белгілері бар науқастар саны артты

22.02.2021

Елорда тұрғындарын жаппай егу мамырда басталуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері онлайн брифингте айтты. Жалпы, қалада коронавирус жұқтырғандар арасында симптомдық белгілері бар науқастардың саны артқан. Дерт оқушылар арасында көптеп тарап, бүгінде инфекция жұқтырған 1 017 жағдай тіркелген. Айта кетейік, жаңа оқу жылынан бастап бас қаладағы 79 мектеп карантинге жабылған еді.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігері:
Елорда эпидемиологиялық бақылау бойынша «сары» аймақта тұр. Бірақ бұл ретте күн сайын елуден жүз отызға дейін жағдай тіркеледі және аурудың көбеюі тестіленетін адамдардың артуымен ғана емес, қала тұрғындарының шектеу шараларын сақтамауымен де байланысты.

Бас шаһарда жыл басынан бері карантин талаптарын бұзудың 340 дерегі тіркелді. Сот шешімімен 20-дан аса заңды және жеке тұлға жауапқа тартылып, объектілердің қызметі тоқтатылған. Өзгелеріне 60 миллион теңге айыппұл салынды. Карантин режимін бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасады. Дегенмен, бизнес иелері заңсыз әрекеттерге баруды тоқтатар емес, дейді Полиция департаментінің өкілдері.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу