Boeing-777 лайнерлерінің ұшуына уақытша тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Boeing-777 лайнерлерінің ұшуына уақытша тыйым салынды

22.02.2021

Бірнеше елде Boeing-777 ұшақтарының ұшуына уақытша тыйым салынды. Өткен сенбіде АҚШ-тың Денвер қаласы маңында аталған әуе кемесінің қозғалтқышы дұрыс істемей, кейбір бөлігі жерге құлап кеткен еді. Кейін оның Pratt & Whitney компаниясына тиесілі екені анықталды. Оқыс жағдайдан қаза тапқандар жоқ. Бірақ, осы компания шығарған қозғалтқышпен жұмыс істейтін лайнердің рейстерін тоқтату туралы шешім қабылданды. Ал, қазақстандық авиация әкімшілігі бізде бұл ұшақтың жоқ екенін айтты.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
Қазақстанда Boeing-777 лайнері жоқ. Бірақ бізде Boeing-767 бар. Ол «Эйр Астана» мен «SCAT-қа» тиесілі. Бірақ, аталған ұшақ Pratt & Whitney емес, Rolls-Royce қозғалтқыштарымен жұмыс істейді. Сондықтан, олар ұша береді. Бірақ, екі компанияның инженерлеріне тиісті нұсқаулықтар беріліп, ескерту жасалды.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу