БҚО-да той көлігі аударылып, бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да той көлігі аударылып, бір адам көз жұмды

17.04.2018

Оқиға 16 сәуір күні таңғы 4-тер шамасында Орал-Ақсай-Жымпиты тас жолының 32-шақырымында болған. Ақсай қаласына кіреберіс тұста «Toyota Land Cruiser» автокөлігі жолдың жиегіне шығып кетіп, бірнеше рет аударылған. Ауыр жарақат алған 48 жастағы ер адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Тәртіп сақшылары көлікте оның өзінен басқа ешкім болмағанын айтады. Жол апаты таңға жуық болғандықтан, жүргізуші ұйықтап кетуі мүмкін деген де болжам айтылуда. 

Нұрсұлтан Бекесов, аудандық Жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

- Бірнеше дене және жабық ми жарақатымен жедел түрде Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда, есін жимастан күндізгі сағат 14.30 да көз жұмды. Аталған оқиға бойынша сараптама жүргізіліп жатыр.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу