«Отбасы банкі» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
«Орталық үйге мұқтаж жандарды есепке алады. Сондай-ақ қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қойылған күні бойынша бөледі.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға деректі қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», - деді министр.