Ресейдегі апат салдарынан Қазақстанға газ беру тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі апат салдарынан Қазақстанға газ беру тоқтатылды

23.02.2021

Қазақстанға газ беру тоқтатылды. Орынбор облысында «Союз» магистральді құбыры жарылып, Ресейден газ уақытша тасымалданбай жатыр. Бұл туралы көрші елдің энергетика министрлігі хабарлады. Қазір арнайы топ апатты жою жұмыстарын жүргізуде. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Бүгін түске таман 123-ші шақырымға дейінгі газ айдау тоқтады. Жыл басталғалы «Газпромның» учаскелеріндегі бұл үшінші оқыс оқиға. Бұған дейін «Пермь –Горький-1» магистральді аумағында газ тұйықталды. Кейін көп ұзамай Свердловск облысында газ құбырынан өрт шыққан болатын.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу