Жаңатаста қаза тапқан бес баланың туыстары жұртшылыққа үндеу тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңатаста қаза тапқан бес баланың туыстары жұртшылыққа үндеу тастады

23.02.2021

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында түтінге тұншығып қаза тапқан бес баланың туыстары қайғылы жағдайға байланысты жалған ақпараттың таратылуына қарсы.

«Тағдырдың жазуына көндігуден басқа амал жоқ» деген олар, бұл мәселені енді қозғамауды сұрайды. Қайырымдылық шараларының да тоқтатылғанын қалап отыр. Өйткені, осынау қасірет туралы айтып, жаза беру қаза тапқан бес баланың ата- анасы үшін өте ауыр дейді олар. Әулеттің үлкендері көңіл айтқан көпшілікке алғыс білдірді.

Саидмұхаммед Әбдімәліков, марқұм балалардың туысы:
Әлеуметік желіде андай деп мұндай деп сан-сақа жүгіртіп, құйтырқы іс жасап жатқан азаматтарға да айтарым, тоқтатыңдар осыменен қоя қойыңыздар, біз соның бәрін естіген сайын жүрегіміз сыздап жатыр. Сізден біздерге берген көмектеріңіз сол болсын.

Қаралы отбасы бізге психологиялық көмек пен моральдік қолдаудан басқа көмек қажет емес, сондықтан жылу жинау да артық дейді олар. Ал, балалардың ата-анасын туыстары басқа үйге қоныстандырған. Қазір оқыс оқиға болған үй қоршауға алынған. Онда тергеушілер жұмыс істеуде.


Хабарламаларға жазылу