ШҚО-да жұмыс орнында дастархан жайған мектеп директорына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жұмыс орнында дастархан жайған мектеп директорына айыппұл салынды

24.02.2021

Шығыс Қазақстанда шектеу шараларына қарамастан жұмыс орнында дастархан жайған мектеп директорына айыппұл салынды. Бородулиха ауданының бір ауылында директор басшылық қызметтегі 10 жылдығын тойлаған. Мектепте өткен отырысқа отызға жуық мұғалім қатысқан. Олардың бетпердесіз түскен фотосы әлеуметтік желіге шықты. Бәрі де айыппұл арқалады.

Жалпы, ауданда санитарлық талаптардың орындалуын тексеру үшін 7 топ құрылған. Олар жыл басынан бері 300-ден аса рейд жасап, жалпы сомасы 2 миллион теңгенің айыппұлын салған.  

Жарқын Жолдыбеков, Бородулиха аудандық кәсіпкерлік, өндіріс және туризм бөлімінің басшысы:
Мектептің директоры 10 жыл сол мектепте жұмыс істегеніне орай өз әріптестерін жинап, отырыс өткізбекші болған. Оларға айыппұл салынды. Директорға 115 АЕК, қалғандарына 43755 теңгеден.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу