Петропавлда өртке оранған көпқабатты үйдегі апаттың видеосы жарияланды. Онда жарылыстың дәмханадан шыққаны анық көрінеді. Қазір жарылыстан зардап шеккен 8 адам ауруханада жатыр. Оның біреуі - бала, жағдайы орташа. Ал екі науқас - жансақтау бөлімінде.
Гүлнәр Қалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Қалалық көпбейінді ауруханада жансақтау бөлімінде бір қыз бала жатыр. Жағдайы аса ауыр деп бағалануда. Әзірге қандай да бір болжам айту әлі ерте, себебі денесінің көп бөлігін күйік шалған.
Сағындық Сәбитұлы