Астанада ашаршылық құрбандарына арналған монументтегі ұрланған баланың мүсіні табылды. Қоладан жасалған ескерткіш темір-терсек қабылдайтын орыннан тәркіленді. Ізінше полицейлер мүсінді ұрлаған күдікті мен оны сатып алған азаматты да ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау мекемесіне қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айта кетейік, «қола бала» осымен екінші рет ұрланды. Былтыр қолды болып, ұрылар ұсталмай, қайта жасалған еді. Биылғы көктемде тағы жоғалып, бір айдан кейін табылып отыр.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ