Бүгіннен бастап қазақстандықтар емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтініш бере алады
Өтініштер www.enpf-otbasy.kz сайты арқылы қабылданады.
Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесі:
- орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;
- Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация)
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)
- радионуклидтік және радиойодтерапия
- радиохирургиялық емдеу
- протон терапиясы
- офтальмологиялық қызметтер
Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.